BIZ SIZBEN MAQTANAMYZ жобасы

«Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы бойынша "BIZ SIZBEN MAQTANAMYZ"акциясының бүгінгі қатысушысы жастар жанашыры, асаба Ерболат Бабатай ағамыз.

Тасқала ауданында «Еріктілер жылының» ашылу салтанаты өтті

5 ақпан Тасқала ауданы  «Самғау» коворкинг орталығында Батыс Қазақстан Облысының әкімі Ғали Есқалиев пен Тасқала ауданының әкімі Алдияр Сансызбайұлының қатысуымен «Еріктілер жылының» ашылу салтанаты өтті.Еріктілер жылына орай атқарылатын іс-шаралармен танысып, жастардың сауалдарымен ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.

"Biz Birgemiz" шарасы

Орал қаласының ақпараттық – талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының «Орал жастары» волонтерлік қозғалысының мүшелері «Birgemiz:Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасы аясында "Шаңырақ" үйінің балаларына арналған "Biz Birgemiz" шарасын ұйымдастырды.

BIZ SIZBEN MAQTANAMYZ жобасы

«Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы бойынша "BIZ SIZBEN MAQTANAMYZ" акциясы.

Акция барысында Орал қаласының мейірімді, қайырымды, жанашыр тұрғындары қаламыздағы көп балалы, аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік, құрал-жабдықтар алып, хал-жағдайларымен танысып, өз көмектерін ұсынады.

«Birgemiz»: «ÚMIT» жалпыұлттық жобасы аясында ардагерлермен кездесу

«Birgemiz»: «ÚMIT» жалпыұлттық жобасы бойынша Орал Жастары волонтерлік қозғалысының мүшелері Еңбек және соғыс ардагері, тарих ғылымының кандидаты Сүйіншәлиев Халам Жұмашұлының үйіне арнайы барып, олардың хал-жағдайларын сұрасып, әңгімелесіп қайтты. Бүгінде Орал қаласында ҰОС-ның 48 ардагері бар. Олардың барлығына әкімдік тарапынан түрлі тиісті қолдаулар көрсетіліп келеді және қарттарға қатысты барлық мәселе басты назарда тұр.

BIRGEMIZ 2020

Волонтерлер жұмысы еленіп, ерекше назарға алынғалы бұл күнде еліміздің әр азаматы игі істер жасауға талпынуда. Сондай жанның бірі Ақжайық жұртшылығына той басқарушылық өнерімен танылған @tamada_muzikant қаламыздағы тұрмысы төмен, жалғызбасты анаға көмек қолын созуға үндеу тастап, бастаманы өз қолына алды. Айнұр есімді анаға Ақжайық волонтерлері де қосыла қолдау көрсетіп, бүгінде уақытша тегін тұруға баспана табылды. Волонтерлер жұмыла сол баспанаға жөндеу жұмыстарына кірісіп, қолғабыс етуде.

Игі шаралар жалғасын табуда

Бүгін, Сырым ауданының ерікті жастары «Birgemiz»: «Sabaqtastyq», жалпыұлттық жобасы бойынша жалғызбасты қарияның үйіне барып, ауласындағы қалың қарды ашып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта да осындай игі шаралар өз жалғасын табады. Ондағы мақсат, осы бастау алған еріктілер жылында жастарымыздың бойына еңбексүйгіш қасиеттерін дарытып, үлкенге құрмет көрсетуді үнемі насихаттау болып табылады.

Сырым аудандық пробация қызметімен бірлескен қайырымдылық шарасы

Сырым ауданында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Сырым жастары» ЖҚБ және де «Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің» Сырым аудандық пробация қызметімен бірлескен қайырымдылық шарасы өтті. Есепте тұрған тұлғалар мен ерікті жастар жалғызбасты қариялардың ауласындағы қалың қарды ашып, көмек қолдарын созды. Жақсы игі істерге қамқорлық көрсетуде ерікті жастар белсенділік танытты. Алдағы уақытта да қарияларға қол ұшын созып, көмек көрсету өз жалғасын таба бермек.

ЕРІКТІЛЕРДІҢ ИГІ ІСТЕРІ

Бүгін аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен "Сырым жастары" ЖҚБ ұйымдастыруымен Сырым ауданының ерікті жастары «Birgemiz:Qamqor» жалпыұлттық жобасы бойынша қарияның үйіне барып, ауласындағы қарды ашыды. Тазалық жұмыстарын жүргізді. Ерікті жастарымыз өздерінің бос уақыттарының пайдалы өтуі үшін түрлі деңгейдегі іс-шараларға белсене қатысуда.

"Кел, шәй ішейік" акциясы

БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы қызметкерлері "Жас Отан" жастар қанатымен және әлеуметтік желідегі белсенді блогер жастармен бірлесіп "Кел, шәй ішейік" акциясын ұйымдастырды. Акция барысында белсенді жастар қала көшелерін қардан тазартушы қызметкерлерге ыстық шәй мен бауырсақ ұсынып, зор ықыластарын білдірді.

«Біз біргеміз» атты қар күреу  челленджі

Батыс Қазақстан облысының тумасы Тұрсынбек Қабатовтың бастамасымен бастау алған «Біз біргеміз» атты қар күреу челленджі бүгінде еліміз бойынша кең таралуда. Бұл челлендж қаңтар айының 22 күні басталып, Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы мен өзге өңірлердің волонтерлері қолдап, қар аршу жұмыстарына белсенді кірісіп кетті. Осы орайда БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Ақжайық» еріктілері аталмыш бастаманы қабыл алып, қаламыздағы қариялардың аулаларындағы қарын тазалап, көмек қолын созды. Бұл челлендж Облыстық мәдениет қызметкерлеріне, жоғары оқу орындарының студенттеріне және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарына жолданды.

Аспан астындағы мұз айдыны

БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бастауымен «Ақжайық» еріктілері облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында ашық аспан астындағы мұз айдынын жасауға көмек қолын созды. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қамқорлық көмек көрсетіп, жүректеріне жылу сыйлау мақсатында қолға алынған бастамаға балалар да мәз.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru