Қарттарға көмек

«Birgemiz»: «Saylyq» жалпыұлттық жобасы бойынша Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандары, аудандық орталық аурухананың мейірбекесі мен аудан волонтерлары медициналық көмек көрсету үшін Жымпиты ауылы бойынша қариялардың үйлеріне барып, қал-жағдайларын сұрап қайтты.

Жастар музейді тамашалауға барды

“Birgemiz”: “Asyl mura” жалпыұлттық жобасы бойынша "Алаш" музейінде волонтер жастардың қатысуымен кешкі музей акциясы бойынша жастар музейді тамашалауға барды. Кешкі музейді аралаған жастар рухани азық алып, ауданымыздың тарихы мен мәдениетінен тағы бір сыр шертіп қайтты. Бұл кеште жастарымыз Сырым ауданының тарихымен, Ж.Досмухамедов, Х.Досмухамедов және т.б ұлы тұлғалар туралы біршама ақпараттар, ХХ-ғасырдағы құнды жәдігерлермен танысып, Алашорда тарихын кеңінен түсінуге мол мүмкіндіктер алды. Волонтер жастар бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында аудан тарихына қатысты шаралар үнемі өткізіліп отыратын болады.

9.	«Масленица» мерекесі тойланды

1 наурыз күні Бөрлі ауылында «Масленица» мерекесін тойлау үшін , Бөрлі жалпы білім беретін мектебінің "Жаса" волонтерлік тобы Г.А.Скляр және "Свои" жастар қозғалысымен бірлесіп құймақ, бәліштермен және басқа да тағамдар пісіріліп тегін үстел ұйымдастырды.

“BIRGEMIZ:QAMQOR” жалпыұлттық жобасы

“BIRGEMIZ:QAMQOR” жалпыұлттық жобасы бойынша қаладағы өздігінен ағатын кәріз құбырын жөндеу жұмыстарына байланысты, "ORAL JASTARY"волонтерлары су тоқтаған аумақтардағы ардагерлеріміздің, мүмкіндігі шектеулі жандардың мекен-жайларына таза ауыз суды жеткізіп беру жұмыстарын жүргізді.

«Birgemiz»: «Saylyq» жалпыұлттық жобасы «Үлгілі отбасы – мемлекет тірегі» отбасылық спорттық сайыс өтті.

1 наурыз «Nur Otan» партиясы күніне орай «Birgemiz»: «Saylyq» жалпыұлттық жобасы аясында партияның қалалық филиалының бастауыш ұйымдары арасында жоғары деңгейде өткен «Үлгілі отбасы – мемлекет тірегі» отбасылар спорттық сайысы көрермендерді қызық пен шаттыққа бөлеп, отбасылардың спорттық шараларға деген ықыласын оятты.Сайысқа сегіз отбасылық команда қатысты.

«Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы

«Орал жастары» волонтерлік қозғалысының волонтерлері «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы аясында жалғыз басты әжемізге мекен-жайлық көмек көрсетіп, үй шаруасында көмек көрсетті. Соңында әжеміз жылы естеліктірмен бөлісіп, алғысын білдіріп, батасын берді.

Семинар-тренинг

Бөрлі аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жанындағы Волонтерлық корпустардың жетекшілері мен Волонтерларына арналған семинар-тренинг оздырылды.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмау бойыншы түсіндірме жұмыстары

"Birgemiz":"Umit" Жалпыұлттық жобасы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмау бойыншы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараға аудандық волонтерлермен бірге төтенше жағдайлар бөлімі де қатысты.

Түсінік жұмыстары

«Birgemiz»: «Umit» жалпыұлттық жобасы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмау бойынша Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде Қаратөбе аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың қызметкерлерімен бірлесе отырып, мектеп оқушыларына және мектеп қызметкерлеріне түсінік жұмыстары жүргізілді.

"Gold" волонтерлық корпусының волонтерлары аудандық Тарихи-өлкетану музейіне барып қайтты

Волонтер жылының "Birgemiz: Asyl mura" бағыты аясында, Бөрлі аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жанынан құрылған "Gold" волонтерлық корпусының волонтерлары аудандық Тарихи-өлкетану музейіне барып қайтты.

Мекенжайлық көмек

«Birgemiz»: «Qamqor» жалпыұлттық жобасы бойынша аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қызметкерлері және аудан волонтерлері бірлесіп Қаратөбе ауылының тұрғыны, 2019 жылда үй салып берген Талшын әжеміздің үйіне барып, мекенжайлық көмек көрсетіп берілді.

"Жылы бидай" акциясы

"Birgemiz" "Таза әлем" жалпыұлттық жобасы аясында Волонтерлер қыстап жатқан құстардың саны мен түр алуандығын сақтай отырып суық мезгілден аман шығуға көмектесіп, "Жылы бидай" акциясын ұйымдастырып құстарға жем шашып қамқорлық көрсетті.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы «Нұрсұлтан Назарбаев» даңғылы 177
тел: 8 (7112) 30 21 42
zhastar@bko.gov.kz