Орталық туралы

«Ақжайық волонтерлері» - волонтерлік корпусы 2017 жылы Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен құрылды.

Мақсаты: Облыстағы волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді біріктіру арқылы өңірдегі волонтерлік қозғалысты дамыту.

Қазіргі таңда облыс бойынша 60-тан астам волонтерлік ұйым мен 10 мыңнан астам волонтер қызмет атқаруда.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жыл – еріктілер жылы болып жарияланды. Еліміздегі еріктілер жылы «Біргеміз» деген ұранмен өткізіледі.

Еріктілік қызметтің негізге 7 басым бағыты белгіленіп, сол бойынша қызметтер атқарылады.

«Сабақтастық» - Балалар үйлеріндегі балаларға және өмірде қиын жағдайға тап болған жастарға, балаларға қатысты волонтерлердің тәлімгерлігі.

«Қамқор» - әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына волонтерлерді тарту.

«Саулық» - Денсаулық сақтау саласына волонтерлерді тарту, оның ішінде стационарлық жағдайларда ем жасайтын медициналық мекемелерге (хоспистер, онкологиялық диспансерлер және т.б.) волонтерлерді тарту.

«Таза Қазақстан»- қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауіпсіздікке, қаңғыған жануарларға арналған паналау орындарына көмек көрсетуге бағытталған экологиялық волонтерлік қозғалыстармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

«Асыл Мұра» - Мәдени-тарихи мұраны сақтау және дамыту, тарих, мәдениет ескерткіштерін және мемориалдық кешендерді қалпына келтіру және сақтау жөніндегі жобаларға волонтерлерді тарту.

«Үміт» - Жоғалған адамдарды іздестіру, зілзала тәуекелдерін азайту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жұмыстарын ұйымдастыру.

«Білім» - орта мектептердің жоғары сынып оқушыларына волонтерлермен білім беру қызметтерін ұсынуға көмек көрсету.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru