Мекенжайлық көмек

«Birgemiz»: «Qamqor» жалпыұлттық жобасы бойынша аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қызметкерлері және аудан волонтерлері бірлесіп Қаратөбе ауылының тұрғыны, 2019 жылда үй салып берген Талшын әжеміздің үйіне барып, мекенжайлық көмек көрсетіп берілді.

"Жылы бидай" акциясы

"Birgemiz" "Таза әлем" жалпыұлттық жобасы аясында Волонтерлер қыстап жатқан құстардың саны мен түр алуандығын сақтай отырып суық мезгілден аман шығуға көмектесіп, "Жылы бидай" акциясын ұйымдастырып құстарға жем шашып қамқорлық көрсетті.

«Дана жол-дара жол, Өзгелерге үлгі жол»

Аққозы ЖОББ мектеп-балабақшасында Қаратөбе өңірінің өркендеуі мен дамуына бір кісідей үлес қосқан, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермекқалиев Орынғали атамызбен «Дана жол-дара жол, Өзгелерге үлгі жол» атты сыр-сұхбат кеші өтті.

Брейн-ринг

Бөрлі аудандық "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" КММ мамандары "Birgemiz: Sabaqtastyq" жалпыұлттық жобасы аясында №5 ЖББОМ жанындағы балалар интернатында болып, интернат тәрбиеленушілерімен брейн-ринг ойынын ұйымдастырды

Алғыс айту күні

Алғыс айту күніне орай Бөрлі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Volunteers_Aksay" орталығының қолдауымен, "Gold" волонтерлық корпусының волонтерлары Бөрлі ауылдық округіндегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында(қарттар үйі) болып, орталықтағы қариялармен дойбы ойнап, көңілдерін көтеріп, қал-жағдай сұрасып қайтты.

Алғысқа толы кездесу

Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов, 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, ауданымыздағы этномәдени орталықтардың төрағаларымен, өкілдерімен кездесу өткізді. Аудан бойынша Волонтерлық қозғалысты дамытуда, аудан халқының игілігін, әл-ауқатын арттыру жолында ізгілікті істердің молаюына қосқан лайықты үлестері үшін Бөрлі аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жанындағы "GOLD" волонтерлық корпусын Алғыс хатпен мараппатады.

1 наурыз - Алғыс айту күні

1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, Александров ауылдық округтік Жастар ресурстық орталығының маманы бір топ жастармен Александров ауылының қариялары, зейнеткерлері, ардагерлерінің үйлеріне барып, сыйлықтар табыстады.

Волонтерлер аудандық қарттар үйінде

«Birgemiz:Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасы бойынша, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары мен волонтерлер аудандық қарттар үйіне барып, ата-әжелердің хал-жағдайын сұрасып және домбырамен ән шашу арнады..

Ардагер ұстаздарға алғыс білдіру

Успен ауылдық округтік Жастар ресурстық орталығы жанындағы "Demeu" волонтерлық корпусының волонтерлары, бүгін, 1 наурыз - Алғыс айту күні, Жаңаталап ауылындағы ардагер ұстаздардың үйлеріне барып алғыс білдірді.

«Мейірімді ана алақаны» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарымен мерекелік кездесу

Ағымдағы жылы аудан әкімінің қолдауымен, Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен 1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай, «Мейірімді ана алақаны» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарымен мерекелік кездесу өтті.

ТЕРЕКТІЛІК ЕРІКТІЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Бұл шара өзгелерден тіптен бөлек болды. Достық үйіне ене бергенде ерікті жастар қошеметпен қарсы алып, бірден жаныңды баурап алады. Жан жылулығы кемшін тартып тұрған заманда жүрегің өрекпіп, әрі-сәрі күйге түседі екенсің.

«Алғыс айту-парызым»

1 наурыз "Алғыс айту" күніне орай 2020 жылдың 28 ақпан күні 6 мектеп-лицейінің директордың тәрбие ісінің меңгерушісі Д.Шоханова мен "Жақсылыққа жарысайық" еріктілер тобының қыздары Ақсай қаласы 10 ықшам ауданының 24 үйінде тұратын Антоненко Зоя Федоровна барды. Оқушылар Зоя Федорамен әңгіме айтып, хал-жағдайын білді. Зоя Федоровна әзірше көмек керек емес екендігін айтып, келіп әңгімелескені үшін ризашылығын білдірді.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru