Балалармен бір күн

20 ақпан күні Бөрлі аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары Ақсай қалалық №5 ЖОББМ жанындағы интернатта болып, интернат тәрбиеленушілерінің көңілдерін көтеру, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатымен, балалармен дойбы, тоғызқұмалақ сынды ойындап ойнап, әңгімелесіп, сабақтарына көмектесті.

«Жетістік жолы»

Бүгін аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жетістік жолы» аудандағы зиялы қауым өкілдерімен, соның ішінде биология, химия саласының маманы, қазіргі таңда зейнеткер Халық Қанатұлы, қазақтың төл қолөнері қамшы жасау шебері Амангелдиев Аманша және көрпе, құрақ көрпе, тоқыма т.б қолөнер жасаудың маманы Сарестекова Жібек апамыздың қатысуымен «Еңбегімен елге сыйлы» тақырыбында өнегелі іс-шара оздырылды.

«Донор» күні

19 ақпан «Birgemiz»: «Saylyq» жалпыұлттық жобасы аясында Тасқала волонтер жастары «Донор» күніне орай қайырымдылық жасап, қан тапсырды.

«Балық түрлерін сақтап қалу» экологиялық акциясы

Ағымдағы жылдың 19 ақпан күні Дариян ауылдық модельді балалар кітапханасы, Дариян мектеп-гимназия-интернатының «Жас экологтар» үйірмесі, Орман шаруашылығымен бірігіп "Biz birgemiz:Taza Qazaqstan" жобасын іске асыру мақсатында Үлкен көлде «Балық түрлерін сақтап қалу» экологиялық акциясы өткізілді.

Аудан бойынша қазіргі таңда қызмет етіп жүрген 377 волонтер, 35 волонтерлік топ жыл бойына атқаратын жұмыстар бойынша жоспар дайындаған болатын. Волонтерлер слетінің ашылу салтанатында аудан әкімі Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы құттықтау сөз сөйлеп, "Үздік жоспар" аталымын жеңіп алған "Таза жүрек" волонтерлар тобына Алғыс хат пен имидждік киімдер табыстады.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмау

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және №14 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен бірге «Birgemiz»:«Umit» жалпыұлттық жобасы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмау бойынша және облыс аумағында өтіп жатырған жылыту маусымы кезеңімен Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс айлығы барысында Жымпиты және Бұлан ауылдарында жадынамалар тарату арқылы түсінік беру жұмыстарын жүргізді.

«Birgemiz Qamqor» жалпыұлттық жобасы бойынша қариялар үйлері мен жалғыз басты, мүмкіндігі шектеулі жандарға мекен-жайлық көмек көрсету

Теректі ауданың волонтерлары қаңтар айы бойы «Birgemiz Qamqor» жалпыұлттық жобасы бойынша жалғыз басты қариялардың үйлеріне барып мекен-жайлық көмек көрсетілді. Ауданымыздың 50-ге жуық волонтерлеры 35 үйге барып қар ашып, қысқы отынды жинауға көмек көрсетті.

«Birgemiz»: «Saýlyq» жалпыұлттық жобасы

«Birgemiz»: «Saýlyq» жалпыұлттық жобасы аясында «WinterFest» Орал қаласының жастар арасындағы қысқы спорт фестивалі өтті. Волонтерлар жылы аясында шаһарымыздың жастарының арасында Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қолдауымен, Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жыл сайынғы «WinterFest» қысқы спорт фестивалін ұйымдастырды.

"Абзал жандар" еріктілер тобы өз жұмысын бастады

Шыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Волонтер жылының "SAULYQ" бағыты бойынша Шыңғырлау аудандық ауруханасы жанынан құрылған "Абзал жандар" еріктілер тобы өз жұмысын бастады.

Бәйтерек ауданында волонтерлер жылына салтанатты жағдайда старт берілді

Бәйтерек ауданында волонтерлер жылына салтанатты жағдайда старт берілді. Жыл жобасына старт берген аудан әкімі Асхат Шахаров қоғамды ізгілікке бастайтын бірегей бастамаға сәттілік тілеп, аудан тұрғындарын белсенді атсалысуға шақырды. Сондай-ақ шараға облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нұркен Мейірбек арнайы қатысып, волонтер жастарға жан-жақты қолдау болатынын жеткізді.

Еріктілерге арналған семинар-тренинг

7 ақпан күні Ұзынкөл және Новопавловка ауылдарында волонтерлерге арналған семинар-тренинг өтті. Шараға 25 жас қатысып, еріктілер қатарына қабылданды. Еріктілерге команда қалай жұмыс жасау керектігі, волонтерлықтың түрлері түсіндірілді, бейнеролик көрсетілді.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru