"Ақжайық балалар саяхат кешені" базасында Ақжайық ауданы волонтерлік қозғалыстары бас қосты

Аудан бойынша қазіргі таңда қызмет етіп жүрген 377 волонтер, 35 волонтерлік топ жыл бойына атқаратын жұмыстар бойынша жоспар дайындаған болатын. Волонтерлер слетінің ашылу салтанатында аудан әкімі Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы құттықтау сөз сөйлеп, "Үздік жоспар" аталымын жеңіп алған "Таза жүрек" волонтерлар тобына Алғыс хат пен имидждік киімдер табыстады.

Командалық ауызбіршілікті арттыру, волонтерларды өзара жақын таныстыру мақсатында "Teambuilding"- команда жасақтау ойындары ұйымдастырылды.

Слет аясында волонтерлар "Құстарға қамқорлық" акциясын қолдап, құстарға ұя жасап, Жайық өзені жағасындағы ағаштарға орнатты. Сонымен қатар, шаңғы спортынан сайыс ұйымдастырылып, кеш соңында үздіктер марапатталды. Қатысушылар алау жанында аудан әкіміне атқарылатын жұмыстарға байланысты ұсыныстарын жеткізіп, достық әнін шырқады.

ЖҰБАН ЕЛІНІҢ ЖАСТАРЫ! БІЗ БІРГЕМІЗ! ҚАТАРЫМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗДАР!

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru