"Біз алғыс айтамыз"

Алғыс айту күніне орай өткізілген Киров мектеп-балабақша кешенінің еріктілер тобы "Біз алғыс айтамыз" іс-шарасы оқушылардың ұстаздарға алғыс айтуымен басталды. Сонымен қатар, "Мейірім" еріктілер тобы ауыл әкіміне, ауыл тұрғындарына да алғыс білдірді.

Алғыс айту күні

Алғыс айту күніне орай Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қызметкерлері аудан волонтерлерімен бірлесе отырып, аудан халқына және мекеме қызметкерлеріне жақсы көңіл-күй сыйлап, арнаулы тілектер, тәттілер және шармен барып, жұмыстарына сәттілік, денсаулық, бақыт тіледі.

Құрайлысай ауылдық округі волонтерлері

"Birgemiz:Qamqor" жалпыұлттық жобасы аясында Құрайлысай ауылдық округі волонтерлері мүмкіндігі шектеулі баласы бар жалғызбасты ананың үй шаруасына көмек көрсетті. Ерлер жағы ауланы тазартуға көмектессе, қыздар үйін жинап, үй шаруашылығына қолғабыс етті. Өз кезегінде Жаңылай апа ризашылығын білдірді.

Жаңабұлақ ауылының "Жаңа толқын" волонтерлер тобы

«Birgemiz:Qamqor» жалпыұлттық жобасы аясында Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылының "Жаңа толқын" волонтерлер тобы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түліктер жеткізді. Азық-түлікке қажетті ақшаны ауыл тұрғындары мен волонтерлер жинады. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету-халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Жомарттық - өзіңде барды мұқтаж адамдармен бөлісу. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Волонтерлер алғыс арқалады

Волонтер болу – маңызды іс. Биылғы жыл «Волонтер жылы» деп жарияланғалы көп жастар қоршаған орта мен қоғамның осал топтарына көмектесіп, мұқтаж жандардың қолғанаты болып жүр. Осы үрдісті сақтай отырып, Бөкей ордасы ауданы, Саралжын ауылы жастарынан құрылған еріктілер ауыл үлкендеріне, қарияларға көмек қолын созып, қолғабыс жасауда. Өзіндік жоспарларына сай түрлі бағытта көмекке мұқтаж жандардың отбасына үнемі қарайлап жүреді. Қыс мезгілінде ер азамат қолы қажет сыртқы жұмыстарды, сондай-ақ күнделікті үй тірлігінде де артылып жатқан істердің барлығын ерікті ұл-қыздар үлкен ыждағатпен тындырымды етіп атқаруда.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, өрт сөндіру бөлімі, аудандық орталық аурухана мамандарымен кездесу

Бөрлі аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жанынан ашылған волонтерлық корпустардың волонтерлары, бүгін, 28 ақпан күні, "Birgemiz: Umit" жалпыұлттық жобасы аясында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, өрт сөндіру бөлімі, аудандық орталық аурухана мамандарымен кездесті.

"Құрмет күні" акциясы

Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері "Құрмет күні" акциясы аясында Орал қаласының тұрғыны ардагер ұстаз - Сулейменова Райса Насырқызының үйіне барып үй жұмыстарына қолғабыс көрсетті.

«Birgemiz:Qamqor» жалпыұлттық жобасы

«Birgemiz:Qamqor» жалпыұлттық жобасы бойынша М.Б.Ықсанов атындағы 36 ЖОББМ-нің «Орал жастары» волонтерлік қозғалысының волонтерлері қаламыздағы үш отбасыға мекен-жайлық көмек көрсетті. Белсенді волонтерлар алдағы уақытта да мұқтаж жандарға көмек қолын созуға дайын.

"Мейірім" волонтер тобы

27 ақпан күні "Бөбек" бала бақшасы жанынан құрылған "Мейірім" волонтер тобы Ақжайық аудандық аурухана базасында жасақталған инсультке қарсы орталыққа барып, орталықтың жұмысымен танысты.

"Қарттарым асыл қазынам"

Ақпан айының жиырма жетінші жұлдызында "Алғыс айту" күніне орай, Ақбұлақ мектеп- балабақша кешенінің оқушыларынан құралған " Үміт желкені" еріктілер тобы және " Қамқоршылық кеңес" мүшелерінің ұйымдастыруымен, Бөрлі аудандық қарттар үйінде "Қарттарым асыл қазынам" атты мерекелік кеш өтті. Кеш барысында оқушылар мен "Қамқоршылық кеңес" мүшелері өз өнерлерін көрсетіп, қарияларымыздың ақ батасын алды. Сонымен қатар, қарттарымызға түрлі тағамдар, әжелерімізге қолөнер бұйымына қажетті заттар және киімдер үлестірілді. Еліміздің қазынасы қарттарымыз аман болсын! Жақсылық жасап жарысайық!

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru