"Мейірім" волонтер тобы

27 ақпан күні "Бөбек" бала бақшасы жанынан құрылған "Мейірім" волонтер тобы Ақжайық аудандық аурухана базасында жасақталған инсультке қарсы орталыққа барып, орталықтың жұмысымен танысты.

Тұңғыш Президент күніне орай ауданымызда ауданаралық инсульт орталығы ашылған болатын. Орталықта Ақжайық, Бөкей Орда, Жәнібек, Жаңақала және Казталов аудандарының халқына медициналық қызмет көрсетіліп жатыр. "МЕЙІРІМ" волонтер тобы емделушілердің қал-жағдайларын сұрап, қажетті азық-түліктер апарып берді.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru