Ақпан айының жиырма жетінші жұлдызында "Алғыс айту" күніне орай, Ақбұлақ мектеп- балабақша кешенінің оқушыларынан құралған " Үміт желкені" еріктілер тобы және " Қамқоршылық кеңес" мүшелерінің ұйымдастыруымен, Бөрлі аудандық қарттар үйінде "Қарттарым асыл қазынам" атты мерекелік кеш өтті. Кеш барысында оқушылар мен "Қамқоршылық кеңес" мүшелері өз өнерлерін көрсетіп, қарияларымыздың ақ батасын алды. Сонымен қатар, қарттарымызға түрлі тағамдар, әжелерімізге қолөнер бұйымына қажетті заттар және киімдер үлестірілді. Еліміздің қазынасы қарттарымыз аман болсын! Жақсылық жасап жарысайық!