«Ерікті болу дегеніміз не?»

Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №3ЖОББМ базасында еріктілер жылына орай «Ерікті болу дегеніміз не?» аудандық семинар-практикум өтті.

Мақсаты: ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру. Семинарды №3ЖОББМ-нің ДТЖО Малкаулова Д.Н, тәлімгер Фаскина И.Е, мектеп психологы Куатова А.Н жүргізсе,семинардың қонағы "Жас Дарын"директоры Т.Г.Ищенко және аудандық білім беру бөлімінің әдіскері М.Б Мурзашева қатысты. Семинар барысында: таныстыру тренингі, «Еріктілердің қызметі мен жұмысы» шебер сынып, еріктілерге топтық тапсырмалар, ойындар, жаттығулар орындалды. Сондай-ақ №3ЖОББМ-нің «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының жұмысымен таныстырылды. Шара барысында қатысушылар өз топтарымен 1 наурыз-Алғыс айту күніне #AlgisDay#АлғысАйтуКүні#Сблагодарностью хештегін жасады. Шара соңында қатысушылар сауалнама толтырып, алғыс пікірлерін білдіріп, келген еріктілерге "Жас Дарын"ҚҚ директоры Ищенко Т.Г түскі ас ұйымдастырды. Ендігі біздің міндетіміз еріктілер топтарын бір арнаға тоғыстырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып нәтижеге бағытталған жұмыстарды бірлесе атқару болып отыр. Оған атсалысу – барлығымыздың міндетіміз. Сондықтан біз бірігіп, түсінісіп, ақылға салып іс қылсақ, әрқайсымыз өз саламызда тер төге еңбек етсек, оны өзгелерге үйретіп, насихат етуді жолға қойсақ, Еріктілер жылын абыроймен атқарып, алға қойған мақсаттарымызға жететініміз хақ.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru