Волонтерлерге арналған семинар

Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының кіші залында аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиеваның төрағалығымен бірқатар мекеме мамандары және ауыл жастарының қатысуымен волонтерлер жылында атқарылатын іс-шаралар жоспарын талқылау мақсатында кеңес отырысы өтті.

Волейболдан жарыс

2020 жылдың 26 ақпаны күні «Волонтер жылына» орай, «Біргеміз:Саулық» жалпыұлттық жобасы аясында  Ақсу ауылдық округтік Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастырумен мекеме қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өткізілді.

Ақжайық Өлкетану музейіндегі кездесу

«Birgemiz:Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы аясында Жаңабұлақ ауылдық округінің «Жаңа Толқын» волонтерлер тобы 22 ақпан күні мүмкіндігі шектеулі жандармен аудан орталығындағы Ақжайық Өлкетану музейінің 7 бөлімін қамтитын табиғат, археология,Ұлы Отан соғысы, аудан тарихы, жергілікті ақын жазушыларымыздың тарихи құнды дүниелерімен, Тәуелсіздік залы және В.И.Чапаевтың штат пәтерімен, соңғы шайқас картинасымен, аудан тарихымен және ауданымыздың ақын жазушыларымыздың құнды жәдігерлерімен, Батыс Қазақстан облысы бойынша және ауданымызда кездесетін құстар,балықтар, жануарлардың тұлыптарымен танысты.

Бөрлі ауданының мемлекеттік қызметкерлері еріктілер қатарында

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер қатарынан құрылған Еріктілер тобы Ақсай қаласындағы Сырым Датов, Молодежная, Халықтар Достығы, Линейная, Наурыз-2, Арыстанова, Железнодорожная көшелеріндегі арық-атыздардағы қарды аршу және су өткізу құбырларын тазарту жұмыстарына атсалысуда.

Мейірімділікке толы уақыт

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының барлық қызметкерлері Volunteer07.kz сайтына тіркеліп, әлеуметтік волонтерлік бағытында жұмыстануды қолға алып, ағымдағы жылдың 21 ақпанында Орал қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне барып, кітапханаға бірқатар кітаптар және «Батырлар жыры» аудио таспасының жинағын сыйлады.

Волонтерлар аудандық музейде

Волонтер жылының жеті бағыттарының бірі - "Birgemiz: Asyl mura" жалпыұлттық жобасы, халқымыздың материалдық және рухани мәдени-тарихи мұрасын сақтауға волонтерлерді тартуға бағытталған.

"Доброе сердце" с добротой

Бөрлі ауданы, Приурал ауылдық округі жанынан құрылған «Доброе сердце» волонтерлық корпусының волонтерлары, 24 ақпан күні, Приурал ауылының көшелерін қардан тазартты.

«Birgemiz»:«Bilim» жалпыұлттық жобасы аясында

«Birgemiz»:«Bilim» жалпыұлттық жобасы аясында Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Әбу Насыр Әл-фарабидің 1150 жылдығына орай «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» тақырыбында эссе байқауы өтті.

"Birgemiz: Saylyq" жалпы ұлттық жобасы аясында

"Birgemiz: Saylyq" жалпы ұлттық жобасы аясында Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі, « Орал Жастары» волонтерлары ардагерлеріміздің хәл-жағдайын біліп, денсаулық жағдайларын, қан қысымын, жүрек соғысын тексеріп ардагерлермен көңілді сұхбат өткізіп келді.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru