Облыстық тілдерді дамыту басқармасының барлық қызметкерлері Volunteer07.kz сайтына тіркеліп, әлеуметтік волонтерлік бағытында жұмыстануды қолға алып, ағымдағы жылдың 21 ақпанында Орал қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне барып, кітапханаға бірқатар кітаптар және «Батырлар жыры» аудио таспасының жинағын сыйлады.
Сондай-ақ, қарттар үйінің тұрғындарына тәттілер ұсынылып, шағын концерт ұйымдастырылды.
Шара соңында мекеме басшылығы мен ата-әжелер ыстық ықыласпен алғыстарын білдірді.