Ақжайық Өлкетану музейіндегі кездесу

«Birgemiz:Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы аясында Жаңабұлақ ауылдық округінің «Жаңа Толқын» волонтерлер тобы 22 ақпан күні мүмкіндігі шектеулі жандармен аудан орталығындағы Ақжайық Өлкетану музейінің 7 бөлімін қамтитын табиғат, археология,Ұлы Отан соғысы, аудан тарихы, жергілікті ақын жазушыларымыздың тарихи құнды дүниелерімен, Тәуелсіздік залы және В.И.Чапаевтың штат пәтерімен, соңғы шайқас картинасымен, аудан тарихымен және ауданымыздың ақын жазушыларымыздың құнды жәдігерлерімен, Батыс Қазақстан облысы бойынша және ауданымызда кездесетін құстар,балықтар, жануарлардың тұлыптарымен танысты.

Мүмкіндігі шектеулі жандардын уақыттарын тиімді пайдаланып рухани дүниелерін байытатындай әсер беру басты назарымызда болды.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru