«Орал жастары» волонтерлік қозғалысы туралы ақпарат берілді

Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының «Орал жастары» волонтерлік қозғалысы волонтерларының жұмысы, QazVolunteer.kz платформасы және жергілікті "volunteer07.kz" сайты туралы аймақтың айнасы саналатын AQJAIYQ телеарнасының «Күншуақ» бағдарламасының кезекті түсіріліміне қатысып, толық ақпаратпен бөлісті.

«Зерделі жырдың зергері» атты жыр кеші

«Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы бойынша Облыстық арнаулы кітапханасында ақын Қадыр Мырза Әлидің 85 жыл толуына арналған «Зерделі жырдың зергері» атты жыр кешіне Орал жастары волонтерлері қатысып, ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Шарада елімізге танымал режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Айман Сисенғалиқызы Қуатова ақын туралы естеліктерімен бөлісті.

«Орал жастары» волонтерлері қарияларға мекенжайлық көмек көрсетті

«Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы бойынша «Орал жастары» волонтерлік қозғалысы қариялар үйлері мен жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі жандарға мекенжайлық көмек көрсетуді жалғастыруда. Чалкарская 12 мекенжайында тұратын Кожмуханова Мария әжемізге барып ауласын қардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

2020 - ВОЛОНТЕРЛАР ЖЫЛЫ

«Орал жастары» қаламызды қардан тазалау жұмыстары бойынша Орал қаласының мақтанышы Тұрсынбек Қабатов бастаған #Bizbirgemiz челленджін қолдап, челендж аясында көмекке мұқтаж қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созып, аулаларын қардан тазалау жұмыстарына белсенді қатысты.

«Бізбен бірге гитарада ойнап үйрен» тегін оқу курсы

Волонтерлар жылы аясында «Birgemiz»: «Bilim» жалпыұлттық жобасы бойынша волонтерлардың көмегімен жастарға тегін «Бізбен бірге гитарада ойнап үйрен» оқу курсы бастау алды. Волонтерлар жылында осындай үлкен бастаманы қолға алып, қаламыздың жастарына үлкен талпыныс пен қызығушылық оятып, ерікті түрде өз білімін жастарға үйретуге баршаңызды шақырамыз!

«Еріктілер жылы» аясында Орал қаласының ақпараттық – талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының «Орал жастары» волонтерлік қозғалысының Жоғары инженерлік- технологиялық колледжіндегі волонтерлары «Birgemiz:Qamqor» жалпыұлттық жобасы бойынша ардагерлердің үйлеріне барып мекенжайлық көмек көрсетті.

Жастарға тегін түрік тілі курсы

Волонтерлер жылы аясында «Birgemiz»: «Bilim» жалпыұлттық жобасы бойынша волонтерлардың көмегімен жастарға тегін түрік тілі курсы жалғасын табуда. Волонтерлер жылында осындай үлкен бастаманы қолға алып, қаламыздың жастарына үлкен талпыныс пен қызығушылық оятып, ерікті түрде өз білімін жастарға үйретуде! Жастар белсенділік танытып, білімдерін шыңдауда. Тегін түрік тілі курсы аптасына үш рет өтеді.

Сырым волонтерлері салауатты

Аудан орталығындағы мұз айдынында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен "Сырым жастары" ЖҚБ ұйымдастыруымен, жас еріктілерімізбен бірге жаппай коньки тебу шарасы өтті. Шараның мақсаты ерікті студент жастардың бос уақытын тиімді пайдалана отырып, салауатты өмір салтын насихаттауға, еріктілерді спортқа баулуға бағытталған болатын.

ЕРІКТІЛЕРДІҢ ИГІ ІСТЕРІ

Бүгін аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен "Сырым жастары" ЖҚБ ұйымдастыруымен Сырым ауданының ерікті жастары «Birgemiz:Qamqor» жалпыұлттық жобасы бойынша қарияның үйіне барып, ауласындағы қарды ашыды.

«Бізге қосыл» тембилдинг шарасы

26 қаңтар күні «Үш батыр қыз» алаңында «BIRGEMIZ» жалпыұлттық жобасы аясында Орал қаласының волонтерлеріне арналған «Бізге қосыл» тембилдинг шарасы ұйымдастырылды.Шара Орал жастары волонтерларын біріктіру, жастарды волонтерлік қызметке тартуға бағытталды. #волонтер2020

«Батырларға тағзым» акциясы

2020 жылдың 25 қаңтар сағат 12:30-да «Үш батыр қыз» алаңында «BIRGEMIZ: UMIT» жалпы ұлттық жобасы аясында Орал жастары волонтерлік қозғалысы «Батырларға тағзым» акциясын ұйымдастырды. Акцияға 50-ден астам волонтер қатысады деп жоспарланып, алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты 15-20 волонтер қатысып өз белсендігін көрсетті.

Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында кездесу

БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының "Ақжайық жастары" волонтерлері еріктілер жылында «Қамқор» бағыты аясында Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында кездесу ұйымдастырды.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru