Сырым волонтерлері салауатты

Аудан орталығындағы мұз айдынында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен "Сырым жастары" ЖҚБ ұйымдастыруымен, жас еріктілерімізбен бірге жаппай коньки тебу шарасы өтті. Шараның мақсаты ерікті студент жастардың бос уақытын тиімді пайдалана отырып, салауатты өмір салтын насихаттауға, еріктілерді спортқа баулуға бағытталған болатын.

Коньки тебе жүріп, таза ауада демалып қайтқан ерікті жасымыз Тұрланова Айкөркем: "Барша жастарды мұз айдынына бірге демалуға шақырамын, бұл өте пайдалы спорт түрі, осындай іс-шараларға қатысқанды ұнатамын" деп жастарды өз қатарына шақырды.

Мұз айдынында өткен көңілді уақыттары үшін еріктілер өз алғыстарын білдірді. Мұндай дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттыру үшін түрлі спорттық-көңіл көтеру шаралары әлі де оздырылатын болады.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru