Бөрлі ауданындағы «Еріктілер жылы» аясындағы бірқатар шаралар

16 қаңтар күні, «Волонтерлар жылы» аясында, Приурал ауылдық округтік Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, ауыл еріктілері зейнеткер Широкова Галина Васильевнаның үйінің ауласын қардан тазалап, мекенжайлық көмек көрсетті.

"Ардагерлерді ардақтайық"

2019 жылдың 15 қаңтар күні Раздольный ауылдық округі жастар жетекшісінің ұйымдастыруымен және еріктілердің қатысуымен "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында ауылымыздың жастары жалғыз басты тыл ардагері Сперидонова Людмила Ильинична және Касивсова Валентина Константиновнаның үйінде көмек көрсетіп, үйінің ауласының қарын ашып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Акция мақсаты келер ұрпаққа үлгі-өнеге көрсеткен ардагерлерді құрметтеп, олардың ерліктерін дәріптеу болатын.

«Кел, шәй ішейік» акциясы

Шыңғырлау аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандары ауданның көшелерін қардан тазартушы қызметкерлерге ыстық шәй мен тәтті бауырсақ ұсынып, қызметкерлерге шынайы қуаныш сыйлап, алғыстарына бөленді.

Ауыл еріктілері мұқтаж жандарға ерікті түрде көмектесті

Тасқала ауданы Шежін ауылдық округінің жастар жетекшісі мен еріктілері ауыл үлкендерінің ауласын қардан тазалап берді. Ауыл еріктілері мұқтаж жандарға ерікті түрде көмектеседі. Ерікті болу – абыройлы іс! Осы орайда, қамқорлыққа, мейірімге мұқтаж адамдардың жүрегін жылытып, өмірді жақсылықпен нұрландыру мақсатында еріктілер тобы жұмыстанады.

Бөрлі ауданында еріктілік баса назарда

2020 жылдың 15 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Егізбаев Серік Рахметоллаұлы бастаған аудан әкімдері орынбасарларынан құралған делегация Бөрлі ауданына іс-сапармен келді. Іс-сапар барысында делегация мүшелері Бөрлі ауданының, Ақсай қаласының бірқатар мекемелерінде болып қайтты. Соның ішінде Бөрлі аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығында болып, 2020 жыл - "Волонтерлар жылы" аясында, волонтерлардың өз идеяларын жүзеге асырып, жұмыстанатын, аудан волонтерлары үшін арнайы жасақталған, ЖРО жанынан құрылған Волонтерлар штабының(бөлмесінің) ашылуына қатысып, ЖРО жанына ашылған психология кабинетінің жұмыс барысымен және "Bolashaq" coworking орталығымен танысты.

Мекен-жайлық көмек көрсетті

Волонтерлар жылы аясында 2020 жылдың 14 қаңтар күні Бөрлі аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары мен ЖРО жанынан құрылған "GOLD" волонтерлік корпусының ерікті жастары Ақсай қаласының зейнеткері Кенжегулова Раушан Сапаровна үйінің ауласын қардан тазартып, мекен-жайлық көмек көрсетті.

Жалғыз басты әженің ауласын қардан тазалады

Ағымдағы жылдың 14 қаңтар күні Бəйтерек ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары мен еріктілері Переметный ауылдық округінің жалғыз басты Дюсембеева Бақыш əженің ауласын қардан тазалап, ішкі-сыртқы жұмыстарына көмектесіп қайтты. Акцияның мақсаты жастардың ардагерлерді құрметтеп, көмекке мұқтаж жандарға көмек қолын созу. Осы орайда қамқорлыққа өмірді жақсылықпен нұрландыру мақсатында еріктілер тобы жұмыстанатын болады.

«Қауіпсіз қала»

🚩«Қауіпсіз қала» 📌
Бүгін «Jas Otan» ЖҚ БҚОФ және облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Қауіпсіз қала» акция-рейді аясында ашық тұрған люктерге және газ кему датчиктерінің жағдайына мониторинг жүргізді🚨

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru