Бөрлі ауданындағы «Еріктілер жылы» аясындағы бірқатар шаралар

16 қаңтар күні, «Волонтерлар жылы» аясында, Приурал ауылдық округтік Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, ауыл еріктілері зейнеткер Широкова Галина Васильевнаның үйінің ауласын қардан тазалап, мекенжайлық көмек көрсетті.

2020 жылдың 17 қаңтар күні, Успен ауылдық округіне қарасты Жаңаталап ауылының клубында 2020 жыл - "Волонтерлар жылының" ашылуына орай, Успен ауылдық округітік Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған волонтерлармен кездесу өтті. Кездесу барысында 2020 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, волонтерларды ынталандыру мақсатында, өткен 2019 жыл - "Жастар жылында" белсенділік танытқан волонтерлар Бөрлі аудандық "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" КММ атынан алғыс хаттармен марапатталды.

2020 жылдың 17 қаңтар күні, Бөрлі аудандық Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған "GOLD" волонтерлық корпусының еріктісі Бөрлі ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Идалиева Алима Еншалиевнаның ұйымдастыруымен өткен өрт қауіпсіздігін сақтау мен өрттің алдын алу бойынша акцияға қатысып, акция барысында Ақсай қаласының дүкендерінде "Өртте қаза болған әрбір екінші адам - мас болған" деген ескерту-жазуларды арақ-шарап өнімдеріне жапсырды.

2020 жылдың 20 қаңтар күні, Приурал ауылдық округтік Жастар ресурстық орталығының әдіскері мен ауыл еріктілері, «Волонтерлар жылы» аясында, зейнеткер – Баранова Надежда Харетовнаның үйінің ауласын қардан тазалап берді.

2020 жылдың 20 қаңтар күні, "Волонтерлар жылы" аясында, Бөрлі ауылдық округтік ЖРО маманы, Бөрлі ауылының бір топ еріктілерімен бірге, ауылдың қариялары - Кутов Александр мен Ващенко Надеждаға мекенжайлық көмек көрсетіп, аулаларын қардан тазалау жұмыстарын жүргізді.

"Волонтерлар жылы" аясындағы игі істер жалғасын табуда. 21 қаңтар күні, Ақсу ауылдық округтік Жастар ресурстық орталығының маманы ауылдың бір топ ерікті жастарымен бірге ауылдың ардагер ұстазы - Избасова Гулмайша Пазыловна мен тыл ардагері - Рашков Николай Павловичке мекенжайлық көмек көрсетіп, үйлерінің айналасын, аулаларын қардан тазартып берді.

 

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru