Бөрлі ауданында еріктілік баса назарда

2020 жылдың 15 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Егізбаев Серік Рахметоллаұлы бастаған аудан әкімдері орынбасарларынан құралған делегация Бөрлі ауданына іс-сапармен келді. Іс-сапар барысында делегация мүшелері Бөрлі ауданының, Ақсай қаласының бірқатар мекемелерінде болып қайтты. Соның ішінде Бөрлі аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығында болып, 2020 жыл - "Волонтерлар жылы" аясында, волонтерлардың өз идеяларын жүзеге асырып, жұмыстанатын, аудан волонтерлары үшін арнайы жасақталған, ЖРО жанынан құрылған Волонтерлар штабының(бөлмесінің) ашылуына қатысып, ЖРО жанына ашылған психология кабинетінің жұмыс барысымен және "Bolashaq" coworking орталығымен танысты.

«Мы волонтеры». Дәл осындай атаумен, 2020 жылдың 15 қаңтар күні, Волонтерлар жылы аясында, Приурал ауылдық округтік Жастар Ресуртық Орталығының ұйымдастыруымен, Приурал ауылдық округінде округ волонтерларымен кездесу өтті. Кездесу барысында волонтерлар Волонтерлар жылы - 2020 жылғы жоспарды, өткізілетін іс-шараларды талқылап, «Волонтерлар жылын» бастады. Кездесу соңында Жастар Ресурстық Орталығының әдіскері волонтерлармен «Я – личность!» тақырыбында тренинг өткізді.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru