Ағымдағы жылдың 14 қаңтар күні Бəйтерек ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары мен еріктілері Переметный ауылдық округінің жалғыз басты Дюсембеева Бақыш əженің ауласын қардан тазалап, ішкі-сыртқы жұмыстарына көмектесіп қайтты. Акцияның мақсаты жастардың ардагерлерді құрметтеп, көмекке мұқтаж жандарға көмек қолын созу. Осы орайда қамқорлыққа өмірді жақсылықпен нұрландыру мақсатында еріктілер тобы жұмыстанатын болады.