Волонтер жылының жеті бағыттарының бірі - "Birgemiz: Asyl mura" жалпыұлттық жобасы, халқымыздың материалдық және рухани мәдени-тарихи мұрасын сақтауға волонтерлерді тартуға бағытталған.
Осы жоба аясында, 24 ақпан күні, Бөрлі ауданы, Қанай ауылдық округінің жастары - Қанай мектеп-балабақша кешенінің оқушылары, Ақсай қаласындағы Бөрлі аудандық тарихи-өлкетану музейінде экскурсиямен болып қайтты. Экскурсия барысында жастар аудан тарихымен, музей мұрағаттарымен және музейдің жұмыс барысымен толықтай таныстырылды.
Аталмыш экскурсия Қанай ауылдық округтік Жастар ресурстық орталығының маманы мен Қанай МБК мұражай жетекшісі - Мукашева О.Т.-ның бірлесе ұйымдастыруымен өтті.