«Шын жүректен!» атты шығармашылық концерті

Бұлдырты ауылында Жансая Қанатқызы жетекшілік ететін "Шаттық"," Керім - ай! " және" Арнау" би ансамбльдерінің қайырымдылық бағытындағы «Шын жүректен!» атты шығармашылық концерті өтті. Концертті ұйымдастыру жұмыстарын Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Сырым жастары» волонтерлік ұйымы өз мойындарына алды.

Бөрлі ауданы Александров ауылдық округі әкімі аппараты"мемлекеттік мекемесінің жанынан құралған "Еріктілер" құрамы жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық жасады

Александров ауылдық округі әкімі аппараты"мемлекеттік мекемесінің жанынан құралған "Еріктілер"құрамы "Birgemiz: Qamqor" жалпы ұлттық жобасын іске асыру мақсатында, жағдайы төмен отбасы мүшелеріне қажетті кейім кешекпен көмектесіп,қайырымдылық жасады.

«Қауіпсіз қала» атты акциясы

Бөрлі ауданы волонтерларының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 4 -14 наурыз аралығында Ақсай қаласы бойынша ашық тұрған люктерге мониторинг жүргізу бойынша «Қауіпсіз қала» атты акциясы басталуда.

"Мамандығым-мақтанышым"

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Креатив" мектеп еріктілер тобы "кәсіби бағдар бағыты" бойынша және 9-сынып оқушыларының, түрлі маман иелерінің қатысуымен "Мамандығым-мақтанышым" атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне "Бөрлі жаршысы" газетінің тілшісі Мейрамбек Тілекқабылұлы Сыдықов, №1 қалалық кітапхана меңгерушісі Айжан Жусупкалиевна Каракулова және мектеп директорының оқу ісі жөніндегі Г.С. Давлетова мен мектеп психологы А. Е. Максутова қатысты. Қатысушы қонақтардан оқушылар көптеген мәліметтермен сусындады.

«Адам бол» қоғамдық қоры волонтерлары аяулы аналар, әпке, қарындастарымызды мейрамымен құттықтады

8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Адам бол» қоғамдық қоры волонтерлары аяулы аналар, әпке, қарындастарымызды мейрамымен құттықтап гүл шоқтарын сыйлады.

«Сыйынар ем ана деген тәңірге»

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында №3 ЖББМ «От сердца к сердцу» волонтерлар отряды шара ұйымдастырып, «Жас дарын» ҚҚ мақсатты тобының балалары және ата-аналарымен өткізді.

4.	Волонтерлар әзіл әлемінде

Бөрлі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Баймукашева Галия Темиргалиевнаның бастамасымен және аудандық демалу орталығы жанынан құрылған "Шаңырақ" волонтерлар тобының қолдауымен аудан волонтерларына, жерлесіміз Тұрсынбек Қабатов басқарған "Әзіл әлемі" театрының концертіне тегін билеттер табысталып, керемет кештің куәгері болу бақыты бұйырды.

3.	Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мекен-жайлық көмек көрсетті

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мектеп оқушыларымен бірге ақпан-наурыз айларында волонтерлік іс-шаралар аясында жалғызбасты қартадамдарға барып, қартазалау, үй тазарту жұмыстарын жүргізіп, әңгімелеседі.

"АНАМЫЗҒА ТОСЫН СЫЙ"

Ақсай қаласы №6 мектеп-лицейінің тәлімгері Д.О.Исламбековпен «Жақсылыққа жарысайық» еріктілер клубының ұйымдастыруымен 5-7 сыныптар арасында 8 – наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай қыз балалар тоқыма жұмысымен, ұл балалар ағаштан өз аналарына сыйлық жасап, табыстады.

Алтындардың Алтын аналары!!!

Ағымдағы жылдың 09 наурыз күні, Бөрлі аудандық "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" КММ - нің "GOLD" волонтерлық корпус волонтерлары өз аналарын 8 наурыз - халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, кездесу ұйымдастырды.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru