Бөрлі ауданы Александров ауылының орталық саябағында Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш жаңартылды.
Бөрлі ауданы Александров ауылының орталық саябағында Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш жаңартылды.
«Бізбіргеміз» жалпыұлттық жобасы аясында Қосшы ауылдық округінің 1988,1989жылғы түлектері қоғамда орын алған төтенше жағдайға байланысты аз қамтылған көпбалалы отбасыларға қой етімен тауық бағып өсіруге қол ұшын созды.
Мұратсай ауылының 1997 жылғы туған волонтер жастары «Біз біргеміз» республикалық акциясы өз еріктерімен бастама көтеріп, қиын кезеңде туған жерге, ел-жұртқа көмек жасап, демеу мақсатымен, ауылдың аз қамтылған және көпбалалы алты отбасына азық-түліктен көмек көрсетіп, келесі буынға челендж жасады.
1-сәуір халықаралық құстар күніне орай С.Меңдешев ауылдық округінің волонтерлері құстарға өз қолдарымен ұя жасап, сонымен қатар кітапханамымыздың кішкентай оқырмандары әр түрлі салған құстардың суреттерімен бөліскен болатын
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ауданымызда бастау алған «Biz birgemiz» акциясы Хан ордасы ауылында да жалғасын табуда. Хан ордалық 17 жастағы студент Сабирова Айшат ауылымыздың азқамтылған 2 отбасына азық-түліктен көмек жасады.
Бөкей ордасы ауданы Ұлы Отан соғысы кезінде Сталинград майданының ең жақын тылы болғаны барша бөкейліктерге белгілі. Зұлмат соғыс кезінде теміржол маңында орналасқан Сайқын, Шоңай ауылдары неміс басқыншыларының зәбірін аз көрген жоқ.
Саралжындықтардың үлкен-кішісі жақсылық жасап, жарысқа түскендей. "Біз біргеміз" акциясы аясында "Нұрлыбай" және "Дарын" шаруа қожалықтары мен ауыл жастары қолдауды қажет ететін ауылдастарына көмек қолын созды.
Қазіргі ТЖ байланысты кітап күніне орай қашықтықтан оқитын кітапхана оқырмандарына С.Меңдешев ауылдық округ волонтерлері кітапханадан өздеріне ұнайтын кітаптарды жеткізіп беруді ұйымдастырды.Және өздері оқыған кітаптарымен видеоматериал мен фотоматериалдар арқылы бөлісті.
Бөрлі ауылының жастары, "Jasa" волонтерлары Бөрлі ауылының тұрғыны, зейнеткер Ващенко Надежда әжемізге мекен-жайлық көмек көрсетті.
Бөрлі аудандық "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" КММ-нің мамандары, өздері қаражат жинап, Ақсай қаласындағы көмекке мұқтаж болып хабарласқан жанұяға азық-түлікпен, нәрестеге қажет киім-кешектермен қамтамасыз етті.
Жиналған қаражатқа Ақсу ауылдық округі әкімшілігі, Жастар ресурстық орталығының маманы және волонтерлары азық-түлік сатып алып, ауылдың жалғыз басты қарияларына, көп балалы отбасыларына және мүмкіндігі шектеулі тұрғындарына мекен-жайлары бойынша жеткізіп берді.
Төтенше жағдай жарияланған бойда аудан жастары белсенділік танытып аз қамтылған, көп балалы отбасыларға азық-түлікпен көмектесе бастады.