ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШ ҚАЛПЫНА КЕЛУДЕ

Бөкей ордасы ауданы Ұлы Отан соғысы кезінде Сталинград майданының ең жақын тылы болғаны барша бөкейліктерге белгілі. Зұлмат соғыс кезінде теміржол маңында орналасқан Сайқын, Шоңай ауылдары неміс басқыншыларының зәбірін аз көрген жоқ.

Осы жаралы да, тарихи кезден қалған ескерткіштердің бірі Сайқын ауылында орналасқан су айдаушы мұнараға бүгінгі күні Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өз кезегінде ауылдың волонтері мұнара ауласы айналасының тазалық жұмыстарына атсалысып, қолғабыстарын тигізді.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru