Теректі ауданының волонтерлары елімізде төтенше жағдай енгізілген уақыттан бастап аудан тұрғындарына тегін бетперде тігу жұмыстарын бастаған болатын. 9 сәуір күніне дейін 3000 жуық маска тігіліп, 300 отбасыға тегін таратылды.
Теректі ауданының волонтерлары елімізде төтенше жағдай енгізілген уақыттан бастап аудан тұрғындарына тегін бетперде тігу жұмыстарын бастаған болатын. 9 сәуір күніне дейін 3000 жуық маска тігіліп, 300 отбасыға тегін таратылды.
Төтенше жағдай режимі кезінде блок-бекетте аудан халқының жан-жақты қауіпсіздігін қадағалап тұрған жерлестерімізге волонтерлар ыстық тамақ жеткізіп берді.
Бөрлі аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары Бөрлі ауылының көмекке мұқтаж тұрғынын азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Бөрлі аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандары тегін маскалар тігіп, аудан тұрғындарына таратты.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты халықтың денсаулығын қорғау, қазіргі кездегі індеттің алдын алу, ағайынға көмек беру мақсатында еріктілердің ұйымдастыруымен Орда ауылдық округі әкімі аппараты және Н.Уразгельдиева, А.Бекбаева, Г.Нурмуханбетова, М.Бердіғалиев, Б.Қайқыбасова секілді тігіншілеріміздің қолдауымен Орда ауылдық округінде тұрғындарға арналған көп қолданбалы бетперделер тігу қолға алынып, тегін таратылуда.
С.Меңдешев ауылдық округ волонтерлері біргеміз "Саулық" жобасы аясында қазіргі таңда болып жатқан ТЖ байланысты коронавирустың алдын алу мақсатында ауыл еріктілері мен тұрғындары бірігіп өз қолдарымен маска тігіп халыққа тегін таратты.
Бөрлі аудандық Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «ДЕМЕУ» волонтерлық корпусы жастары.
Бөрлі аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жанынан құрылған «GOLD» волонтерлық корпусының волонтерлары.
Елімізде орын алған жағдайға байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі кезінде Бөрлі аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен аудандық "Nur Otan" партиясы филиалының мамандары бірлесе Ақсай қаласының әлеуметтік осал топтағы тұрғындарына көмек ретінде тұрғылықты мекен-жайлары бойынша барып, азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Ауданымызда төтенше жағдай енгізілген тұста, тұрғындардың үйде отыруы аса маңызда. Дегенмен, көшеде себепсіз жүрген тұрғындарымыз әлі де бар. Бүгін 40 Ерікті полиция қызметкерлерімен бірге қоғамдық тәртіпті қадағалауға кірісті.
Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады.
Мұратсай ауылы елде жарияланған төтенше жағдайда ауызбіршілігін танытып, бір кісідей жұмыла әрекет етіп, саттықта жоқ масканы қолдан тігуде.