Ізгі ниеттен туған игі іс

"Volunteers aksay" орталығының волонтерлары короновирустың таралуына жол бермеу мақсатында, бүгін, "Жарсуат", "Рахат", "Бәйтерек" сауда орталықтарына барып, аудан тұрғындарына тегін бетперде, медициналық қолғап, індеттен қалай қорғану керектігі жазылған жадынама салынған конверт таратты.

Волонтер жастардың жарқын ісі

Бүгін әлемді шарлаған коронавирус ауруының алдын-алу мақсатында аудан орталығы Сайқын ауылында волонтер жастардың күшімен ауыл тұрғындарына тегін бетперделер (маскалар) таратылды. Осындай кезде көмек көрсеткен ауыл тұрғындары Ж.Абдрешева мен А.Дауленоваға ерекше алғыс айтамыз.

Ерекше қажеттіліктері бар жандарға көмек көрсетілді

«Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалы «Jas Otan» Жастар қанаты партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға, жалғыз басты қарттарға және тұрмысы төмен отбасыларға бағытталған қайырымдылық акциясын өткізді.

Volunteers aksay орталығы волонтерлары І, ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесті.

Volunteers_aksay орталығы волонтерлары І, ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі мүшелері бар 2 отбасыны азық-түлікпен көмектесіп, 2 отбасына қаламыздың жомарт жандарының атынан кір жуғыш машина табыстады.

Кеңтүбек ауылдық округі волонтерлары ауыл тұрғындарына арнап бетперде тікті

Әлем бойынша індетке айналған короновирустан қорғану мақсатында Кеңтүбек ауылдық округі волонтерлары ауыл тұрғындарына арнап бетперде тігіп, қажет адамдарға тегін таратуды қолға алды.

Біз біргеміз

Ауру айтып келмейді демекші дүние жүзін дүрліктірген індеттің халықты әуре-сарсаңға салғаны баршаңызға белгілі. Жұқпалы дерттен қорғанатын бетперденің өзі дәріхана сөрелерінде жоқтың қасы.

Қарияға құрмет

"birgemiz: qamqor” жалпыұлттық жобасы аясында Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің волонтерлері жалғыз басты қария Қожанова Жансұлу апайдың ауласы мен бақшасына қоқыстардан тазартып бір күндік мекен жайлық көмек көрсетті.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru