СЫРЫМДЫҚ ВОЛОНТЕРЛАР ҮШ САҒАТТА 200 БЕТПЕРДЕ ТІКТІ

Елдегі жарияланған төтенше жағдайға орай, Президентіміздің үндеуінде айтқан коронавирус пандемиясына байланысты сақтық шараларын күшейту жөніндегі тапсырмасын сырымдықтар орындауда.

Халықтың саулығына алаңдаулы аудан волонтерлары Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының  ұйытқы болуымен көпреттік бетперде тігуді қолға алды. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қажетті  материалмен қамтып, волонтерлар тігін мәшинелерін әкелді. Бүгін түстен кейін басталған жұмыс барысында олар үш сағаттың ішінде 200 бетперде  тігіп бітірді. Белсенді қол ұшын берген волонтерлар қатарында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маман-есепшісі Жанаргүл Кәрімғалиева, Сырым мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қызметкері Айгүл Баянғалиева, "Аяна" шаштаразының иесі Айгүл Қанекенова бар. Игілікті іске "Nur Otan" партиясының Сырым аудандық филиалының қызметкері Мира Мұхамбедиева, "Сырым елі" газетінің тілшілері, аудан жастары да  атсалысты. Бетперде тігуге үлестерін қосқан ең жас волонтерлар Шахарбану Болатованың жасы 9-да болса, Заңғар Махметтің жасы 10-да.

Халық саулығы үшін қолға алынған бетперде тігу ісі жалғасын таба бермек. Көмек қолын созуға ниетті тігіншілер болса, асарлатуға келуге болады.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

#Bizbirgemiz

#бізбіргеміз

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru