Ауру айтып келмейді демекші дүние жүзін дүрліктірген індеттің халықты әуре-сарсаңға салғаны баршаңызға белгілі. Жұқпалы дерттен қорғанатын бетперденің өзі дәріхана сөрелерінде жоқтың қасы.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей Volunteers aksay орталығының волонтерлары халыққа бетперде тігу және тегін тарату жұмыстарын бастап кетті. Алдағы уақытта халық көп жиналатын қоғамдық орындарда 1000 дана бетперде тарату жоспарлануда.