Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады.
Бөкей ордасы ауданында партия белсенділері және еріктілерден құрылған топ, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті азық-түлік пен көмек көрсеттіп қайырымдылық жасады. Карантин деп жарияланғаннан бастап азық-түлік бағасы өсіп, қор жинап алуға қомақты ақша болмай отырған тұрғындарға мұның өзі үлкен көмек болды.