«Сыйынар ем ана деген тәңірге»

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында №3 ЖББМ «От сердца к сердцу» волонтерлар отряды шара ұйымдастырып, «Жас дарын» ҚҚ мақсатты тобының балалары және ата-аналарымен өткізді.

Көктемнің алғашқы күндерімен бірге көңілге қуаныш ала келген қонақтар ерекше көңіл-күймен келді.Шараны ұйымдастырған волонтерлар өздерінің ұйымдастырушылық қабілеттерін жоғары түрде көрсете білді. Кешіміз балалардың әдемі тілектерімен, аналарына арналған өлең жолдарымен жалғасты.Шараның мақсаты - анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.Кеш соныңда тәтті шәй ұйымдастырылып, «Жас дарын» ҚҚ директоры Ищенко Татьяна Германовна келген қонақтарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді!

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru