«Қауіпсіз қала» атты акциясы

Бөрлі ауданы волонтерларының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 4 -14 наурыз аралығында Ақсай қаласы бойынша ашық тұрған люктерге мониторинг жүргізу бойынша «Қауіпсіз қала» атты акциясы басталуда.

Акция барысында қала аумағындағы ашық тұрған люктерді анықтау мақсатында ақпараттар мен фотоматериалдары жинақталатын болады. Қазіргі таңда Әл-Фараби, Чапаева, Юбилейный көшелері және 4-10 шағын аудан тексерілді. Тексеру барысында аталған көшелер мен аудандарда ашық жатқан люктер анықталмады. Акция қорытындысы бойынша ашық жатқан люктер анықталған жағдайда, тиісті органдарға кемшіліктерді жою бойынша ұсыныс жолданылатын болады.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru