Волонтерлер алғыс арқалады

Волонтер болу – маңызды іс. Биылғы жыл «Волонтер жылы» деп жарияланғалы көп жастар қоршаған орта мен қоғамның осал топтарына көмектесіп, мұқтаж жандардың қолғанаты болып жүр. Осы үрдісті сақтай отырып, Бөкей ордасы ауданы, Саралжын ауылы жастарынан құрылған еріктілер ауыл үлкендеріне, қарияларға көмек қолын созып, қолғабыс жасауда. Өзіндік жоспарларына сай түрлі бағытта көмекке мұқтаж жандардың отбасына үнемі қарайлап жүреді. Қыс мезгілінде ер азамат қолы қажет сыртқы жұмыстарды, сондай-ақ күнделікті үй тірлігінде де артылып жатқан істердің барлығын ерікті ұл-қыздар үлкен ыждағатпен тындырымды етіп атқаруда.

Өзіндік жоспарларына сай түрлі бағытта көмекке мұқтаж жандардың отбасына үнемі қарайлап жүреді. Қыс мезгілінде ер азамат қолы қажет сыртқы жұмыстарды, сондай-ақ күнделікті үй тірлігінде де артылып жатқан істердің барлығын ерікті ұл-қыздар үлкен ыждағатпен тындырымды етіп атқаруда.

«Ел қариясы – ел қазынасы»,-дейді дана халқымыз. Ендеше, қарияларымызға қол ұшын созып, мұқтаж жандардың мұңын қуанышқа айналдыру – қашанда құндылығын жоймайтын қадірлі іс. Өз кезегінде қарияларымыз бен өзге де көмек берілген жандар ерікті жастарға ризашылық білдіріп, үнемі алғыстарын жаудырады. Алғыс арқалаған еріктілер алдағы күнде де бұл қызметтерін тоқтатпақ емес.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru