Бүгін аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жетістік жолы» аудандағы зиялы қауым өкілдерімен, соның ішінде биология, химия саласының маманы, қазіргі таңда зейнеткер Халық Қанатұлы, қазақтың төл қолөнері қамшы жасау шебері Амангелдиев Аманша және көрпе, құрақ көрпе, тоқыма т.б қолөнер жасаудың маманы Сарестекова Жібек апамыздың қатысуымен «Еңбегімен елге сыйлы» тақырыбында өнегелі іс-шара оздырылды.
Шараның мақсаты жастарға қалыс қалған қазақтың қолөнері қамшы жасау, қыз балаларға тігудің маңызы туралы ақпаратты толық түрде жеткізілді.
Волонтер жылына орай, Жібек апамыз алдағы уақытта шағын шеберханасын ашамын деген жоспарын тілге тиек етті. Жастарды еңбекке тарту мақсатында жұмыс жасайтынын айтып, тегін қолөнерден мастер-класс үйрететінін жеткізді. Сондай-ақ, Аманша атамызға аудан жастары қамшы,жүген жасау қолөнерлерін үйретуге ұсыныс тастады.