Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмау

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және №14 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен бірге «Birgemiz»:«Umit» жалпыұлттық жобасы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмау бойынша және облыс аумағында өтіп жатырған жылыту маусымы кезеңімен Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс айлығы барысында Жымпиты және Бұлан ауылдарында жадынамалар тарату арқылы түсінік беру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме жұмыстары барысында үй аралап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелері таныстырылды. Сонымен қатар, балалардың отпен ойнауына жол бермеу және өрт қауіпсіздік шараларын қатаң түсіндіру, көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында, аулалардағы қарды шығару жұмыстарын жүргізу бойынша да түсінік жұмыстары жүргізілді.
Тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу және азайту үшін бөлім қызметкерлерімен бірге апта сайын жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандары аудан тұрғындарына түсінік жұмыстарын жүргізетін болады.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru