«Дана жол-дара жол, Өзгелерге үлгі жол»

Аққозы ЖОББ мектеп-балабақшасында Қаратөбе өңірінің өркендеуі мен дамуына бір кісідей үлес қосқан, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермекқалиев Орынғали атамызбен «Дана жол-дара жол, Өзгелерге үлгі жол» атты сыр-сұхбат кеші өтті.

Кеште Аққозы ауылында туып өскен Орынғали Бакесұлының өнегелі өмір тарихынан сыр шертіп, кейінгі буынға ғибраты мол ақылын айтты. Округ әкімі Қоныс Ізімұлы қазақтың салтымен шапан жауып, құттықтау тілегін жолдап алғыс хат табыс етті.

 

 

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru