Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов, 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, ауданымыздағы этномәдени орталықтардың төрағаларымен, өкілдерімен кездесу өткізді. Аудан бойынша Волонтерлық қозғалысты дамытуда, аудан халқының игілігін, әл-ауқатын арттыру жолында ізгілікті істердің молаюына қосқан лайықты үлестері үшін Бөрлі аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жанындағы "GOLD" волонтерлық корпусын Алғыс хатпен мараппатады.