«Мейірімді ана алақаны» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарымен мерекелік кездесу

Ағымдағы жылы аудан әкімінің қолдауымен, Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен 1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай, «Мейірімді ана алақаны» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарымен мерекелік кездесу өтті.

Шараға аудан әкімі Қ.Ш.Айтмұхамбетов, «Нұр Отан» партиясының Ақжайық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ғ.Нысанбаева, мүгедектер қоғамының төрағасы М.Сарсенов және бөлім басшысы Ж.Нұржанова және аналар қатысты.

Аудан әкімі Қ.Ш.Айтмұхамбетов көктемнің алғашқы мерекелік күнімен қатысушыларды құттықтап, мүгедек балаларға қатысты бірқатар мәселелерге тоқталып кетті. Аналар өз ойларын ортаға салып, көкейкесті мәселелерімен бөлісті. Аталмыш шара барысында Республикалық конкурстардың лауреаты Елеуов Данияр аналарымызға ән шашу арнады.

Шара нәтижесінде жігерлері мықты, қоғамда ерекше орыны бар ардақты аналар жүрекжарды тілектерін арнады.

Сый-сияпаттар беріліп, мерекелік дастарханнан дәм тартты.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru