"КАЗБАТ" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 3 наурыз күні Тәжікстандағы азамат соғысы кезінде Ауғанстанмен шекараны күзеткен қазақстандық батальонның ардагерлері қарияларымыздың қал-жағдайын білу, алғыс айту күні, 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтау мақсатында қарттар үйіне барып қайтты.
Шара барысында "КАЗБАТ" қоғамдық қорының төрағасы Алишер Ашурматов қарияларға алғысын білдіріп, Тәжік-Ауған шекара қызметі ардагерлерінің атынан сыйлықтар табыстады.