«Birgemiz»: «Saylyq» жалпыұлттық жобасы «Үлгілі отбасы – мемлекет тірегі» отбасылық спорттық сайыс өтті.

1 наурыз «Nur Otan» партиясы күніне орай «Birgemiz»: «Saylyq» жалпыұлттық жобасы аясында партияның қалалық филиалының бастауыш ұйымдары арасында жоғары деңгейде өткен «Үлгілі отбасы – мемлекет тірегі» отбасылар спорттық сайысы көрермендерді қызық пен шаттыққа бөлеп, отбасылардың спорттық шараларға деген ықыласын оятты.Сайысқа сегіз отбасылық команда қатысты.

Бірінші бөлімінде командалар өздерін таныстырса, екінші бөлімде жеті спорттық ойын түрінен сынға түсті. Осындай тәлімді шараға қатысқан отбасылар өздерінің жан-жақты екенін көрсете білді. Жарыс барысында қатысушы топтар бағдарламаның барлық кезеңдерінен сүрінбей өтіп, өздерінің ептіліктері мен спорттық шеберліктерін танытты. Бәсекеге толы сайыс соңында сайысқа қатысқан отбасыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru