«Birgemiz»: «Saylyq» жалпыұлттық жобасы бойынша Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандары, аудандық орталық аурухананың мейірбекесі мен аудан волонтерлары медициналық көмек көрсету үшін Жымпиты ауылы бойынша қариялардың үйлеріне барып, қал-жағдайларын сұрап қайтты.
Қарттардың үйлерін аралаған волонтерлар қариялардың қан қысымдарын өлшеп, жүрек қан тамырларының алдын-алу, тамақтану тәсілдері, белсенді қозғалыс жайлы да айтты. Бұл шаралардың барлығы егде тартқан қарттарымыздың денсаулығын жақсартуға бағытталған шаралар.
Ел басына күн туған қиын-қыстау күндерде жан аямай күрескен, еңбек еткен азаматтардың ерлігі қашан да сый-құрметке лайықты. Бұл тұрғыда Сырым жастары қарттарымызға үнемі көмек қолын созып отыратын болады.