Жастар музейді тамашалауға барды

“Birgemiz”: “Asyl mura” жалпыұлттық жобасы бойынша "Алаш" музейінде волонтер жастардың қатысуымен кешкі музей акциясы бойынша жастар музейді тамашалауға барды. Кешкі музейді аралаған жастар рухани азық алып, ауданымыздың тарихы мен мәдениетінен тағы бір сыр шертіп қайтты. Бұл кеште жастарымыз Сырым ауданының тарихымен, Ж.Досмухамедов, Х.Досмухамедов және т.б ұлы тұлғалар туралы біршама ақпараттар, ХХ-ғасырдағы құнды жәдігерлермен танысып, Алашорда тарихын кеңінен түсінуге мол мүмкіндіктер алды. Волонтер жастар бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында аудан тарихына қатысты шаралар үнемі өткізіліп отыратын болады.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru