Тасқала ауданында «Еріктілер жылының» ашылу салтанаты өтті

5 ақпан Тасқала ауданы  «Самғау» коворкинг орталығында Батыс Қазақстан Облысының әкімі Ғали Есқалиев пен Тасқала ауданының әкімі Алдияр Сансызбайұлының қатысуымен «Еріктілер жылының» ашылу салтанаты өтті.Еріктілер жылына орай атқарылатын іс-шаралармен танысып, жастардың сауалдарымен ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен 2020 жыл  «Волонтерлер жылы» аталып, «БІРГЕМІЗ» ұранымен тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама волонтерлердің жаңа әлемін ашатын  нақты жеті бағытты қамтиды. Енді жыл бойы ауданда волонтерлік бастамалар осы жеті бағытта ұйымдастырылмақ. Ауданда тұжырымдаманың «Үміт», «Асылмұра», «Таза Қазақстан», «Білім», «Қамқор»,  «Саулық», «Сабақтастық» деп аталатын барлық бағыттары бойынша жұмыс жасайды.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru