Батыс Қазақстан облысының тумасы Тұрсынбек Қабатовтың бастамасымен бастау алған «Біз біргеміз» атты қар күреу челленджі бүгінде еліміз бойынша кең таралуда. Бұл челлендж қаңтар айының 22 күні басталып, Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы мен өзге өңірлердің волонтерлері қолдап, қар аршу жұмыстарына белсенді кірісіп кетті. Осы орайда БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Ақжайық» еріктілері аталмыш бастаманы қабыл алып, қаламыздағы қариялардың аулаларындағы қарын тазалап, көмек қолын созды. Бұл челлендж Облыстық мәдениет қызметкерлеріне, жоғары оқу орындарының студенттеріне және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарына жолданды.