«Birgemiz»: «ÚMIT» жалпыұлттық жобасы аясында ардагерлермен кездесу

«Birgemiz»: «ÚMIT» жалпыұлттық жобасы бойынша Орал Жастары волонтерлік қозғалысының мүшелері Еңбек және соғыс ардагері, тарих ғылымының кандидаты Сүйіншәлиев Халам Жұмашұлының үйіне арнайы барып, олардың хал-жағдайларын сұрасып, әңгімелесіп қайтты. Бүгінде Орал қаласында ҰОС-ның 48 ардагері бар. Олардың барлығына әкімдік тарапынан түрлі тиісті қолдаулар көрсетіліп келеді және қарттарға қатысты барлық мәселе басты назарда тұр.

Халам Жұмашұлы Сүйіншәлиев Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Қызылжар ауыл кеңесінде 1925 жылы 18 қантарда кедей-шаруаның отбасында дүниеге келген. 1930 жылы Сүйіншәлиевтер отбасы Орал қаласына қоныс аударады да, 1933 жылы Халам Жұмашұлы Селекциондық сынақ станциясы жанындағы № 12 жетіжылдық мектепке бірінші класқа барады. Жетіжылдық мектепті бітірген соң, оқуын жалғастыруға Тайпақ ауданына келеді. 1943 жылы мектепті бiтipe салсымен, Кеңес Әcкepi қатарына шақырылады. Әскерде Закавказ майдандағы ӘШҚҚ аспан зеңбірегі-артиллерия полкының 13-шi батарея командирі болады. Белоруссия мен Украинаны неміс басқыншыларынан азат ету соғысына қатысады. Жауынгерлік ордендер және медальдармен марапатталады.

Х.Ж. Сүйіншәлиев ерең еңбегі үшін Құрмет грамотасы және медальдармен марапатталды. «Германия маңындағы жеңісі үшін» 1946 жылы, «Кеңес одағының маршалы Г.К. Жуков» 1996 жылы, «Фашист басқыншыларынан Украинаны азат еткені үшін» 2004 жылы, «Астанаға 10 жыл» 2008 жылы, «Фашист басқыншыларынан Белоруссияны азат еткені үшін» 2009 жылы, «Адал еңбегі үшін» 2009 жылы медальдармен марапатталды.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru