Сырым аудандық пробация қызметімен бірлескен қайырымдылық шарасы

Сырым ауданында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Сырым жастары» ЖҚБ және де «Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің» Сырым аудандық пробация қызметімен бірлескен қайырымдылық шарасы өтті. Есепте тұрған тұлғалар мен ерікті жастар жалғызбасты қариялардың ауласындағы қалың қарды ашып, көмек қолдарын созды. Жақсы игі істерге қамқорлық көрсетуде ерікті жастар белсенділік танытты. Алдағы уақытта да қарияларға қол ұшын созып, көмек көрсету өз жалғасын таба бермек.

Жалпы, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ауданда пробация қызметінде есепте тұрған жастарды қоғамға тарту, белсенділігін арттыру бағытында біршама жұмыстар атқарып келеді. Осы орайда, алдағы уақытта пробация қызметі есебінде тұрған азаматтардың бос уақытын пайдалы мақсатқа жұмсап, ортаға бейімдеу, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында да шаралар жалғасады.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru