«Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы

Батыс Қазақстан облысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грантының аясында «Жас қанат» ЖҚБ ұйымдастыруымен, өңіріміздің ауылдық-елді мекендеріндегі оқушыларды қолдау мақсатында «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда.

Волонтерлер Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлеріне ауыз су жеткізуді ұйымдастырды

"Жасыл ел" жастар еңбек және құрылыс жасақтарының облыстық штабы BIRGEMIZ волонтерлік штабымен бірге Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлеріне ауыз су жеткізуді ұйымдастырды. Сондай-ақ, суды жұқпалы аурулар ауруханасына және Сырым ауданының ауруханасына жеткізілді.

"Жақыныңа жанашыр бол" акциясы

Өңір жастары кезекті рет "Жақыныңа жанашыр бол" акциясын ұйымдастырды. Акция аясында қала көшелері мен аялдамалар аумағында тегін медициналық маскалар мен короновирус инфекциясынан сақтану жолдары туралы арнайы үнпарақтар таратылды.

Сенбілік

24 маусымда "Birgemiz : TAZA ALEM" жобасы аясында "BIRGEMIZ" штабының волонтерлері БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен "Бұл күндердің даңқы өшпейді" мемориалының айналасын, Сейфуллин атындағы саябағын,Н. Ф.Савичев пен А.С. Пушкинге арналған ескерткіштердің маңайын тазалау бойынша сенбілік өткізді.

Біз біргеміз!

Бөрлі ауданы Александров ауылының орталық саябағында Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш жаңартылды.

Тасқала ауданы жастарының  «Қайырымдылық» челленджі

«Бізбіргеміз» жалпыұлттық жобасы аясында Қосшы ауылдық округінің 1988,1989жылғы түлектері қоғамда орын алған төтенше жағдайға байланысты аз қамтылған көпбалалы отбасыларға қой етімен тауық бағып өсіруге қол ұшын созды.

ВОЛОНТЕР ЖАСТАРДЫҢ ЭСТАФЕТАСЫ

Мұратсай ауылының 1997 жылғы туған волонтер жастары «Біз біргеміз» республикалық акциясы өз еріктерімен бастама көтеріп, қиын кезеңде туған жерге, ел-жұртқа көмек жасап, демеу мақсатымен, ауылдың аз қамтылған және көпбалалы алты отбасына азық-түліктен көмек көрсетіп, келесі буынға челендж жасады.

Вволонтерлері құстарға өз қолдарымен ұя жасады

1-сәуір халықаралық құстар күніне орай С.Меңдешев ауылдық округінің волонтерлері құстарға өз қолдарымен ұя жасап, сонымен қатар кітапханамымыздың кішкентай оқырмандары әр түрлі салған құстардың суреттерімен бөліскен болатын

Жақсылық жасау жалғасуда

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ауданымызда бастау алған «Biz birgemiz» акциясы Хан ордасы ауылында да жалғасын табуда. Хан ордалық 17 жастағы студент Сабирова Айшат ауылымыздың азқамтылған 2 отбасына азық-түліктен көмек жасады.

ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШ ҚАЛПЫНА КЕЛУДЕ

Бөкей ордасы ауданы Ұлы Отан соғысы кезінде Сталинград майданының ең жақын тылы болғаны барша бөкейліктерге белгілі. Зұлмат соғыс кезінде теміржол маңында орналасқан Сайқын, Шоңай ауылдары неміс басқыншыларының зәбірін аз көрген жоқ.

Волонтерлер  кітапханадан өздеріне ұнайтын кітаптарды жеткізіп беруді ұйымдастырды

Қазіргі ТЖ байланысты кітап күніне орай қашықтықтан оқитын кітапхана оқырмандарына С.Меңдешев ауылдық округ волонтерлері кітапханадан өздеріне ұнайтын кітаптарды жеткізіп беруді ұйымдастырды.Және өздері оқыған кітаптарымен видеоматериал мен фотоматериалдар арқылы бөлісті.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru