«Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы

Батыс Қазақстан облысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грантының аясында «Жас қанат» ЖҚБ ұйымдастыруымен, өңіріміздің ауылдық-елді мекендеріндегі оқушыларды қолдау мақсатында «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда.

Жобаның аясында ауылдық елді-мекендердегі орта мектептердің жоғары сынып, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының оқушыларына:

· ҰБТ-ға дайындық;

· Ағылшын тілі;

· Компьютерлік сауаттылық;

· Құқықтық сауаттылық;

· Пәндік олимпиада мен ғылыми жобаларға дайындық;

- бағыттары бойынша волонтерлік көмек көрсетіліп жатыр.

Атап айтқанда, ауылдық жерлерде орналасқан 1000-нан астам оқушылардың білім беру сапасын 100 волонтер арқылы арттыру жоспарланды.

Ағымдағы жылдың 28 мамыр – 20 маусым аралығында «Birgemiz. Bilim» жалпыұлттық жобасының 25 волонтері – 469 оқушыны ҰБТ пәндері оқыту курсының, 13 бейіндік пәні бойынша өткізген болатын.

Ендігі кезекте, құқықтық сауаттылық және компьютерлік сауаттылық бағыттары бойынша оқыту курсын ұйымдастырды.

Толығырақ айта кетсек, компьютерлік сауаттылық бағыты бойынша арнайы іріктелген 20 волонтер – 258 оқушыны оқытты. Волонтерлер Excel, Powerpoint, Photoshop, Web – парақша, HTMI тақырыптарында оқушыларға бар білгендерін тегін үйретіп, олардың жаңа және қазіргі таңда сұранысқа ие программалармен қатар, сайт ашуды да үйретті. Олар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, бос уақыттарын толықтай арнады. Бұдан бөлек, оқушылар бос уақыттарында және қайталап көрулеріне ыңғайлы болуы үшін видео – сабақтарды Youtube желісіне жүктедік.

Ал, құқықтық сауаттылық бағыты бойынша 7 волонтер – 166 оқушыны қазіргі таңда әр Қазақстан Республикасының азаматы білуі тиіс заңдарға шолу жасатып, олардың білімдерін толықтырды. Атап айтқанда, волонтерлер оқушылармен – құқық және оның негіздері, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары, азаматтық құқық, еңбек құқығы, неке және отбасы құқығы, әкімшілік құқық, қылмыстық құқық, сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылық тақырыптарында сабақ өткізіп, оқушылармен жұмыстанды. Бұдан бөлек оларға түрлі викториналар мен қызықты тест жұмыстарын беріп, олардың білім деңгейлерін тексерді.

Дәл қазірге уақытта, ағылшын тілін оқыту курсын бастап жатырмыз. Бұл бағыт бойынша 500-ге жуық оқушы және 20-дан астам волонтер жобаға қатысуға ниет білдірді.

Жалпы, БҚО "Birgemiz. Bilim" жалпыұлттық жобасы - волонтерлікке ынталандырып және халықтың азаматтық белсенділігін арттыруды көздейді. Осы тұста, кәмелеттік жасқа толған – ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілін, оқушыларын компьютерлік және құқықтық сауаттылыққа оқыту, пәндік олимпиада мен ғылыми жобаларға дайындық бойынша еріктілердің ақысыз негізде көмек көрсету мүмкіндігі бар, волонтер болам деушілерді қатарымызға қосылуға шақырамыз.

Біздің мекен – жайымыз: Самарская 87Н, 5- кабинет.

· @zhas_kanat07

· 8(7112) 25-04-45;

· 8-707-340-41-16 Назерке;

· 8-747-068-28-08 Самат.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru