"Жақыныңа жанашыр бол" акциясы

Өңір жастары кезекті рет "Жақыныңа жанашыр бол" акциясын ұйымдастырды. Акция аясында қала көшелері мен аялдамалар аумағында тегін медициналық маскалар мен короновирус инфекциясынан сақтану жолдары туралы арнайы үнпарақтар таратылды.

Елімізде карантин басталғалы өңір волонтерлары 130 мыңнан астам маска таратқан болса, оның 50 мыңы бүгін үлестірілді.

Бүгін кешкі уақытта қала аумағындағы парктер мен скверлерде және көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында тегін маска тарату жұмыстары ұйымдастырылады.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru