«Қауіпсіз қала»

🚩«Қауіпсіз қала» 📌
Бүгін «Jas Otan» ЖҚ БҚОФ және облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Қауіпсіз қала» акция-рейді аясында ашық тұрған люктерге және газ кему датчиктерінің жағдайына мониторинг жүргізді🚨

Универмаг, Еткомбинаты ,Школьник,Юбиляр және Юбилейный шағын аудандарындағы люктердің қақпақтарын бақылау нәтижесінде 15 құдықтардың қауіпті екендігі анықталып тиісінше "Батыс су арнасы" және "Жайық жылу қуат" мекемелеріне апатты жағдайдағы ашық люктар туралы ақпараттар берілді.Сонымен қатар алдағы уақытта осы қауіпті құдықтардың тиісті деңгейде жұмыстардың қамтамасыз етілуін жасотандықтар қадағалайтын болады. Сонымен қатар мен еріктілер «Өскен» ауылы «Томирис» саяжайында газ кему датчиктерінің жағдайына мониторинг жүргізіп, өрт қауіпсіздіктерін алдын алуға арналған түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында 20-дан астам ашық және зақымдалған люктер анықталды, 5 кәріздік люктер апатты жағдайда болды.

❗️Рейдке 100-ден астам «Jas Otan» ЖҚ БҚОФ,«Орал» студенттер альянсы» @ask_oral және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің @pedcollege_official «Руханият» еріктілер тобының жастары қатысып ,қаланың қауіпсіздігіне бей-жай қарамайтындарын көрсетті.
📲⠀Егер сіз осындай қауіпті құдықтар мен газдың құрылғыларын байқасаңыз 8 776 098 07 07 номеріне whatsapp арқылы жолдасаңыз болады.

Яндекс.Метрика
Западно-Казахстанская область, г. Уральск, ул. Ж.Молдагалиева 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru