Бөрлі ауданында волонтерлық топтап артуда

Волонтер жылы аясында Бөрлі ауданында волонтерлар, волонтерлық топтар саны қарқындап артуда. Сондай топтардың бірі - "Jasa" волонтерлық корпусы Бөрлі ауылында жасақталды.

20 ақпан күні, Бөрлі колледжінде, Волонтер жылы аясында, жаңадан жасақталған "Jasa" волонтерлық корпусын ұлықтау салтанатына байланысты мерекелік шара өтті. Шараға Бөрлі ауылдық округінің әкімі Макеев Бактыгали Бахтыгереевич, Бөрлі аудандық "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" КММ мамандары, аудандық ЖРО жанынан жасақталған "GOLD" волонтерлық корпусының волонтерлары және Бөрлі ауылдық округінің волонтерлары, колледж студенттері қатысты.
Бөрлі ауылдық округінің әкімі Макеев Б.Б. құттықтау сөзінен бастау алған шара барысында жастар сахнада өз өнерлерін көрсетіп, Бөрлі аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы Карл Темірлан Замирұлы аудан, ауылдық округ көліміндегі волонтерлық қозғалыстың қарқынды дамуы, волонтер жылы аясында аудандық Жастар ресурстық орталығының волонтерларды қолдау бағытында атқарып жатқан істері туралы сөз қозғап, Бөрлі ауылдық округі бойынша үздік деп танылған волонтерларды Бөрлі аудандық "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" КММ атынан алғыс хаттармен мараппатады. Келесі болып сөз алған "GOLD" волонтерлық корпусының лидері Асылбеков Арсен және Бөрлі ауылдық округінің белсенді волонтерлары өз сөздерінде волонтерлық жұмыстың қызықты сәттерімен бөлісіп, жаңадан волонтерлар қатарына еніп жатқан жастарға сәттілік тіледі.
Шара соңында Бөрлі аудандық ЖРО жанындағы Психология кабинетінің меңгерушісі Байқадамова Ботагөз Есетқызы құттықтау сөз сөйлеп, волонтерлармен тренинг өткізді.

Яндекс.Метрика
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 19
тел: 8 (7112) 51 36 05
uvmp_zko@mail.ru