Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және №14 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен бірге «Birgemiz»:«Umit» жалпыұлттық жобасы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмау бойынша Жымпиты ауылында жадынамалар тарату арқылы түсінік беру жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстары барысында үй аралап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелері таныстырылды.
Тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу және азайту үшін бөлім қызметкерлерімен бірге апта сайын жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мамандары аудан тұрғындарына түсінік жұмыстарын жүргізетін болады.